Алматылық сарапшы өткен сайлаудың ерекшеліктері туралы айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық сарапшы Алуа Ибраева өткен сайлаудың ерекшеліктері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Алуа Ибраева сайлауға қатысу — бұл тек құқық қана емес, бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті деп есептейді.

Оның айтуынша, әрбір мемлекет үшін сайлау — үлкен саяси іс-шара. Сайлауда кәмелетке толған әрбір азамат өзінің саяси еркін білдіре алады.

«Менің ойымша, сайлауға қатысу – бұл тек құқық қана емес, бұл міндет. Себебі біз әрбір азамат не болып жатқанын біліп, болып жатқан процестерге қатыса алатын демократиялық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз», — деп атап өтті профессор.

Сонымен қатар, ол осы жолғы сайлау басқалардан айтарлықтай ерекше болғанын атап өтті.

«Бірінші ерекшелік — бұл сайлаудың демократиялығында. Бірінші рет бұл сайлау бүгін де, тіпті бір ай бұрын да емес, наурыз айында, сайлау болады деп жарияланып, праймериз басталған кезде басталды. Партиялар өз бағдарламаларын қабылдап, бұқараға белсенді шығып, өздерін көрсетуі — бұл Қазақстан үшін жаңалық. Біздің заңнамада алғаш рет әйелдерге, жастарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға 30% квота бөлінді. Бұл мемлекеттің басқаруына жаңа күш келді деген сөз. Біздің мемлекетіміз үлкен прогресс жолында.

Екінші ерекшелігі — жүйенің өзі өзгерді. Қазір ол пропорционалды. Бұл дегеніміз, бұл сайлауда біз Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттардың депутаттарын таңдадық»,- дейді ол.

Професордың пікірінше, бүкіл әлемде демократиялық мемлекеттерде партиялар адамдарды біріктіреді. Өйткені партияға бір нәрсені өзгерткісі келетіндер кіреді.

Фото: almaty.tv