«Бавария» автоорталығында жас жігіт Rolls-Royce көлігін көрмек болып мінген де газды басып қалған. Орнынан ытқи қозғалған автомобиль салон витринасын сындырды. Полиция шақыртылып, мән-жай анықталып жатыр», - деді «Астана-Моторс» компаниясынан.
Оқиға Алматының әл-Фараби көшесінде орналасқан авто салондарының бірінде болды. Келтірілген шығын сомасын компания қызметкерлері анықтау үстінде.