Алматылық тәртіп сақшылары есірткі тасымалдаушылардан 3 келіден астам есірткі тапты

АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» арнайы жасағының көмегімен жүргізілген жедел-сауықтыру шарасының барысында «Мерседес-Бенц» көлігінен 936 грамм героин тапты.

Ал көліктегілердің біреуінің үйінен 3 келі 170 грамм героин табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ішкі істер министрлігінің тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұмановтың айтуынша, аталмыш есірткілер сатуға арналған. Сондай-ақ Жамбыл облыстық полиция қызметкерлері «Жиек» операциясының барысында Меркі ауданының тұрғынынан

120 келі кептірілген марихуана алды. Аталмыш әрекеттер бойынша есірткілік заттарды заңсыз сақтаған деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.