Алматылық тастаяқшы бильярдтың «Қозғалмалы пирамида» түрінен ел чемпионы атанды
17:31, 18 Наурыз 2013
АЛМАТЫ. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Қостанайда 14-17 наурыз күндері бильярдтың «Қозғалмалы пирамида» түрінен ХХХVI Қазақстан чемпионаты өтті.
Бұл бәсекеде 72 тастаяқшының арасынан алматылық халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ернар Шымбаев жеңімпаз атанды. Ол ақтық сында қызылтулық Айдос Туғанбаевты 7:6 есебімен жеңді. Ал алматылық Арби Муциев пен тараздық Ғани Шардарбеков қола жүлдегер атанды.