деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қалалық кедендік бақылау департаментіне сілтеме жасап.
Хаттағы ұнтақтың героин екендігін соттық-медициналық сараптама қорытындысы көрсеткен. Героин салынған хатты жіберуші Алматы қаласының, алушы Ресей Федерациясы, Киров облысының тұрғыны көрінеді. Есірткіні Алматы қаласының кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері «Жетісу» кедендік бақылау постының қызметкерлерімен бірлесіп, кедендік бақылау жүргізу кезінде анықтаған. Қазіргі таңда тексеру жүргізілуде.