Алматылық велошеру кезінде ойнатылған лотереяда велесипед ұтып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында кезекті велошеру өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ауқымды спорттық шара 500-ге жуық әуеской басын жетінші мәрте қосты. Қатысушылар 9 шақырымды жүріп өтті. Велошеру велошабандоздар Әл-Фараби даңғылынан жолдарын бастап, ҚР Тұңғыш президенті саябағының жанында мәреге жетті. Мәреде, қатысушылар бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатысты. Әдеттегідей, әуесқойлардың бірі басты сый - велосипедтің иегері атанды.

«Велосипед жеңгеніме өте қуаныштымын. Мен үшін күтпеген тосын сый болды. Көптеген бағалы сыйлықтар ойнатылып жатқанда, өз нөмірімді асыға күттім, алайда, бүгін маған велосипед жеңу бұйырыпты. Өзім велоспортпен бір жылға жуық шұғылданамын. Енді, жаңа велосипедпен жаттығамын. Бүгінгі қатысуым алғаш мәрте, маған барлығы ұнады. Келесі велошеруді асыға күтетін боламын», - деді Данил Ткаченко.

Айта кетсек, осы велошеру «Спорттық Алматы» жобасының қолдауымен осымен жетінші мәрте өткізілді, жалпы осы жылы 21 велошеру жоспарланған.