Онда «А» тобында жоғарғы 9 ұпаймен үздік шыққан «Алматы» волейбол клубы 1-8 финалда «Қарағанды-2» командасын, ал плей-офф сындарында«Грация Астана KZ» мен «Қостанай» волейболшыларын 3:0 етіп ұтып жеңімпаз атанды. Ал «Қостанай» екінші, «Шығыс Қорғасын Құрылыс» (Өскемен) үшінші, ««Грация Астана KZ» төртінші, Спартак АМТ» (Теміртау) бесінші, «Жетісу-2» (Талдықорған) алтыншы, Қарағанды-2» жетінші, «Оқушылар сарайы» (Астана) сегізінші орын алды.
Енді үздік төрттіктің қатарынан орын алғандар 1-10 қараша күндері Қарағандыда өтетін Қазақстан кубогының ширек финалдық жарысына қатысады. Онда олар Ұлттық лиганың үздіктері атанған «Жетісу» (Талдықорган), «Астана», «Ертіс-Қазхром» (Павлодар), «Қарағанды» командаларымен бірге сынға түсетін болады.