13 елдің чемпиондары қатысқан бұл жарыста Геннадий Паршин жаттықтыратын «алматылықтар» үздік бестіктің қатарынан көрінді. Топтық сында қарсылас шақ келтірмеген оларды 1/8 финалда сүріндірген катарлықтар («Al-Rayyan») күміс жүлдегер атанды. Ал ширек финалда жүлделі орынға таласу мүмкіндігінен айырған қытайлықтар («Liaoning») 4-орынды иеленді.
Бұл жолы бірде-бір ойында жеңіліс таппаған ирандықтар («Kalleh») чемпиондық атақты иеленіп, өз елінің мәртебесін тоғызыншы рет әлемге паш етті.Үздік үштікті тайбэйдің«Taiwan Power» командасы түйіндеді.