Алматылық волейболшы жігіттер Жоғарғы лиганың «А» тобында көш бастап келе жатыр

АЛМАТЫ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Теміртауда волейболдан Жоғарғы лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 2-ші тур ойындары басталды.

Онда алғашқы турда 7 кездесуде 20 ұпай жинап турнир кестесінде көш бастаған Алматының «Ұшқын-ҚазҰАУ»  командасы 1-ші кездесуін павлодарлықтармен («Ертіс-АҚ АО») өткізбек. Қазір 17 ұпаймен шымкенттіктер (Динамо-Қазығұрт») екінші, 15 ұпаймен өсмендіктер («Шығыс ҚорғасынҚұрылыс-2») үшінші, павлодарлықтар 11 ұпаймен төртінші орында тұр. Ал 7 ұпайы бар «Жайық-Конденсет» (Орал), «Есіл-Виктория» (Қызылжар), «Семей» командвалары 5-7 орындарды бөліссе, қоржыны бос келе жатқан Темуртаудың «ВСМК АрселорМиттал» командасы турнир кестесін түйіндеп тұр.

26 желтоқсан күні аяқталатын бұл додада алматылықтардың ұпай қорын молайтып қана қоймай, көшбасшылықты сақтап қалуға да мүмкіндігі өте мол. Бас бапкер Олег Кузнецов онда Диас Әліпбаев,Әнуар Бостубаев, Дәурен Балтабай, Алмаз Исин, Михаил Перевертов,  Сергей Шиндов, Алексей Сидоренко, Валентин Лагутин, Иван Пеньков,  Иван Русапетов, Умид Набиев, Юрий Сенкевич, Фармин Турсунов пен   Виктор Фельгерге үміт артуда.