Алматылық волейболшылар Шанхайдағы клубтық Азия чемпионатында қола жүлде үшін таласады

АЛМАТЫ. 8 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Қытайдың Шанхай қаласында волейболдан ерлер арасындағы ХІІІ клубтық Азия чемпионатының ақтық ойындары өтеді. 30 маусымда басталған бұл дүбірлі доданың кеше жартылай финалдық ойындары өтті.

Онда жарыс қожайындарының «Shanghai Tang Dynasty» командасы «алматылықтардан»  1:3 (25-21, 15-25, 18-25, 20-25) есебімен басым түсіп, қазақстандықтарға өткен жылғы нәтижесін қайталауға  мүмкіндік бермеді. Енді ұлттық құраманың бас бапкері Геннадий Паршин жаттықтырған Азияның өткен жылғы күміс жүлдегері бұл жолы 3-орынға таласпақ. Бұл жолы олардың қарсыласы Иран мен Катар чемпиондары арасындағы сайыстың жеңімпазы болмақ.