Төтенше жағдай 14 тамыз күні орын алған.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Шухов көшесіндегі №2 Ж үйінің отқа оранғаны туралы хабарлама 14 тамыз күні сағат 14:30-да түсті. Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына бірнеше минутта келіп жетті. Сағат 15:03 өрт оқшауланып, сағат 15:24-те толықтай сөндірілді.
« Өрт 100 шаршы метр аумақты шарпыған.Үйдің шатыры, аулада тұрған «Тойота» автокөлігі және көршінің гаражы өртенген. Тағы бір көрші үйдің қасбеті мен шатырына да от тиген. Зардап шеккендер жоқ»,- деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Үй иесінің кінәсі дәлелденсе, әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін. Қазір осы оқиға бойынша мамандар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.