Алматылық зейнеткерлер өз бұйымдарын интернет-дүкен арқылы саудалауда

АЛМАТЫ. ҚАЗАҚПАРАТ - Алматыда зейнеткерлер өз бұйымдарын интернет-дүкен арқылы сататын болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«С любовью в каждой петельке» әлеуметтік жобасы өткен жылы іске қосылған. Ася Туллесова, суретші Елена Позднякова, архитектор Айя Жалғабаева және Адиса Кин есімді қаланың жас белсенділері алматылық зейнеткерлерге көмек қолын созды. Белсенділер қарттар көше кезіп, базар аралап жүрмесін деп, оларға арнайы интернет-дүкен ашып берді. Қарттардың өндірген дүниелерін сатып алушыға жеткізу, осы істі ұйымдастырушылардың мойнында. Жобаға жиырмаға жуық қарт тартылған. Олардың бұйымдарының барлығы өз қолдарымен дайындалған. Бқйымдардың ішінде керамикалық ыдыс-аяқ, сәнді етіп тігілген киімдер, ерекше айналар, жұқа киізден әсем етіп жасалған бас киімдер, ағаштан дайындалған бұйымдар, гербарийден жасалған картиналар және мен өзге де көптеген заттар бар.
  

Зейнеткер Сания Позднякова сайтқа өзінің түрлі-түсті кілемдерін саудаға қойды.

«Бұл жобаға қызымның арқасында келдім. Ол өз бұйымдарымды интернет арқылы көрсетуге болатынын айтты. Мен материалдарды түрлі фактуралар мен гүлдерден жинап, үй кілемдерін жасап шығамын. Төсеніштеріме тапсырыс түсе бастағанда таң қалдым. Еңбегімнен ләззат аламын», - деді зейнеткер.

Заманауи, белсенді зейнеткер-кәсіпкерлер топтың ішінде жалғыз қарта ата - Анатолий Владимирович. Ол 1946 жылы Украина КСРО-ның Херсон қаласында туған, бірақ Қазақстанда өскен. Мектеп жасында радиотехникамен айналысып, кеме соғып, көлік құрастырған. Кейін ағаш өңдеу жұмысымен айналысып, жиһаз, күрке жасайтын болған. Оның еңбектері алматылықтар арасында кеңінен танымал.

              

Бұйым сатылымынан түскен табысты еріктілер толығымен зейнеткерлерге береді және оларға тегін көмектеседі.