Төрт жас дәрежесі бойынша ұйымдастырылған дүбірлі додаға әлемнің бірқатар елдерінен 30 команда қатысуда. Онда 2000 жылы туған балалар арасында ел намысын Алматы қаласының "Қайрат-2000» командасы қорғауда. Жарыс 31 наурызға дейін созылмақ.
Алматылық аяқдопшылар Ресейдің Мәскеу қаласының «Чертанова», «Торпедо-ФШМ», Орехова-Зуева қаласының «Знамя труда» және Түркияның Алания қаласының «Аланиаспор» мен Авсаллар қаласының «Авсаллар» командасымен күш сынасатын болады. Олар кеше «Торпедо ФШМ» командасымен болған ойында қарсыластарын 3:1 есебімен ұтты. Келесі кездесуін бүгін «Авсаллармен» өткізбек.
07:30, 28 Наурыз 2012
Алматылық жас футболшылар Түркиядағы турнирде мәскеулік құрдастарын ұтты
АЛМАТЫ. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Түркияның Алания қаласында Балалар футбол лигасы - 'EVIMA CUP 2012'-нің 'Түрік демалысы' атты халықаралық турнирі өтіп жатыр.