Есірткі сатушысын ұстау бойынша арнайы іс-шараны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүргізді.
«Жедел-іздеу іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы Г. есімді азамат ұсталды. Оның тұрғылықты жерін рұқсат етілген тінту кезінде, ақ түсті ұнтақ заты бар екі полиэтилен бума және төрт патроны бар Макаров тапаншасы табылды және тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл зат «мефедрон» синтетикалық есірткісі екені анықталды. Ал қару атуға жарамды», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөліміне сәйкес тергеліп жатыр.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.