Алматылық жол полициясы Райымбек пен Саин көшесінде адам қағып кеткен көлікке іздеу салады

None
АЛМАТЫ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда қалалық жол полициясы кеше түнгі ондар шамасында Райымбек пен Саин көшесінде адам қағып кеткен «Тойота Камри» көлігіне іздеу салады.

Оқиға жаяу жүргінші өтпесінде орын алған. «Тойота Камри» көлігін жүргізген белгісіз жүргізуші қатты жылдамдықпен келіп, жүргіншіні қағып өткен. Жүргінші ауыр соққыдан оқиға орнында қайтыс болған. Тойота жүргізушісі тоқтамастан қашып кетіпті. Осыған орай жол полициясы қайғылы оқиғаға куә болғандардан көмек көрсетулерін сұрайды. Егер машина маркасы мен мемлекеттік нөмірін көрген адамдар болса 253-04-10; 253-04-11; 8-701-718-90-47, 8-701-606-93-10 телефонына хабарласуы қажет.