Алматыда өтетін жəрмеңкеге кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары Семей, Зыряновск, Глубоковск, Қатонқарағай, Үржар және ШҚО аудандарынан 27 тоннаға жуық экологиялық таза бал және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізген болатын. Сондай-ақ жәрмеңкеде шұжық өнімдері мен қымыз ұсынылды. Құны 65 млн теңге болатын 37 тонна өнім базар бағасынан 15-20% төмен сатылды.
Айта кету керек, бал жәрмеңкесі 7-8 аралығында ғана өтуі керек болатын. 2 күнде қалалықтар 12 тоннаға жуық бал сатып алды. Алайда, ұйымдастырушылар мерекені 9 қыркүйекте де жалғастыруға шешім қабылдады.