«Тілдер саябағы» қалалық әлеуметтік жоба қатысушылары шет тілдерін тегін оқи алады.
Сабақ қала саябақтарында бейресми жағдайда өтеді. Жас санаты – 6 жастан 60 жасқа дейін.
Курстар бір ай бойы аптасына 3 рет өтеді. Таңдау көп: 15 шет тілі бар.
Оқу біткен соң барлық белсенді қатысушыға сертификат беріледі.
Осы маусымда 5 мыңнан астам қала тұрғыны білім алады деп жоспарланған. Шет тілдерінен басқа саябақтарда қазақ тілі сабақтары өтеді.
Жобаны Алматы әкімдігі, жобалық кеңсе аясында аудан әкімдіктерімен, белсенділермен және еріктілермен бірлесіп ұйымдастырды.