Алматылықтар Алмаарасан шатқалын тазалауға шығады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Vizit Almaty туристік орталығы қала тұрғындарын экологиялық сенбілікке шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Экологиялық сенбілік 7 сәуірде жексенбі күні таңғы 08:00 мен 16:00 аралығында өтеді. Қала тазалығына бейжай қарамайтын жандар үшін ыстық тамақ мен арнайы көлік ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат - қорық аймағын қоқыстар мен қалдықтардан тазалау, қоқыс сұрыптауды үйрету.