Мұнда мерекелік шаралар «Арбат» алаңында, Орталық демалыс және мәдениет саябағында, Сейфуллин атындағы саябақта, «Фэмили» саябағында, «Мега Алматы» сауда орталығында өтіп жатыр. Онда түрлі мерекелік көрмелер, жәрмеңкелер, спорттық сайыстар мен концерттік бағдарламалар қойылуда. Қорытынды мерекелік концерт кешкі 18.00-деРеспублика сарайыалдындағы Абай алаңындаөтпек. Онда «Номад» инновациялық киіз үйінің тұсаукесер рәсімі өтіп, киіз үй онлайн режімде Алматыдан Астанаға тарту етіледі. Мерекелік бағдарламаға қазақстандық эстрада жұлдыздары: «All давай», «Орда», Луин топтары мен өзге өнер ұжымдары қатысады деп жоспарлануда.
11:19, 06 Шілде 2012
Алматылықтар Астана күнін мерекелеуде
АЛМАТЫ. 6 шілде. ҚазАқпарат - Алматының орталық алаңдары мен саябақтарында қала жұртшылығы Астана күнін мерекелеуде.