Бүгін Алматыда ҚР Президентінің Архивінде «Болашаққа қадам» тақырыбымен тарихи-құжаттамалық көрме өтті. Онда 1995 жылы Ата заңның қабылдануына қатысты құжаттар мен хроникалық оқиғалар тізімін баяндайтын суреттер мен маңызды мәліметтер таныстырылды. Көрмеге келушілер Ата заң қабылданған кездегі Елбасы баяндамасы мен Конституцияға қатысты азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың ұсыныстарымен танысты.
Ең басты құнды жәдігер, әрине, Атаң заңның 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған түпнұсқасы болды.
Айта кетейік, ҚР Президентінің Архивінде өткен ғасыр мен бүгінгі заманның маңызды оқиғаларына қатысты 800 мыңға жуық құжат сақталған.