Алматылықтар балаларын қауіпті аурулардан сақтайтын қандай вакциналарды ала алады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова жүргізіліп жатқан иммунопрофилактика жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жалпы қала бойынша 2022 жылдың 9 айында қажетті деңгейде профилактикалық егулер жүргізілген.

«Атап айтар болсам, 4 айлық балаларды көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, В вирусты гепатитіне, гемофильді инфекцияға және полиомиелитке қарсы (АбКДС3) қамту– 73,9%, 12-15 айлық балаларды пневмококктық инфекцияға қарсы егу Пневмо3- 72,5%, 12-15 айлық балаларды қызылшаға, қызамыққа, паротитіне қарсы ҚҚП1- 76,1%, 6 жастағы балаларды қызылшаға, қызамыққа, паротитіне қарсы ҚҚП2 қайта егу – 71,7%, 6 жастағы балаларды көкжөтелге, дифтерия, сіреспеге қарсы (бустрикс АбКДС5) -71,1%, 18 айлық балаларды көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, полиомиелитке, гемофильді инфекцияға қарсы (АКДС4) қамту – 70,4%, 16 жастағы жасөспірімдердің дифтерия мен сіреспеге қарсы АДС-М вакцинасымен егу -69,7%, дифтерия мен сіреспеге қарсы ересектерді АДС-М вакцинасымен егу - 90,5% құрады»,- дейді спикер.

Сонымен қатар, ол перзентханаларда жаңа туған нәрестелерді «В вирусты гепатитіне» қарсы екпемен қамту- 86,1% және туберкулезге қарсы – 86,1% пайыз болғанын атап өтті.

«Уақытша медициналық қарсы көрсетілімдер мен ата-аналардың вакцинациядан бас тартуы жаңа туған нәрестелерді вакцинациямен жеткіліксіз қамтудың негізгі себептері болып қалып отыр», - деді Әсел Қалықова.