«Алматыэкологқұрылыс» МҚК қызметкерлері, «Жасыл ел» жастар қозғалысының өкілдері, қарапайым тұрғындар қатысқан сенбілік барысында Баум бағындағы шөптер шабылды, Үлкен Алматы арнасының аңғарлары қоқыстан тазартылды, арна жиегіне қойылған орындықтар мен урналар сырланды. Бұл күні барлығы 103 м3 жиналған жапырақ, шөп пен қоқыс арнайы техникамен қала сыртына әкетілді.
Аудан әкімдіктері сенбілікке қатысушыларды қажетті заттармен қамтамасыз етсе, қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы тамақтану нүктелерін ұйымдастырды.