Алматылықтар белсенді түрде дауыс береді деген сенімдемін - Н. Оразалин

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда №254-ші сайлау учаскесінде дауыс берген сенатор, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин ҚазАқпарат тілшісіне бүгінгі шараға қатысты өз пікірін білдірді.

«Бүгінгі күн Қазақстан халқы үшін тарихи күн. Өйткені, Қазақстанның болашағы осы сайлауға тікелей байланысты. Еліміз дамып жатыр. Экономикалық және әлеуметтік маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Мен Қазақстанның осы алған бағытын қолдау үшін, бақытты болашағымыз үшін дауыс беріп отырмын»,- деді Н. Оразалин.

Ол сонымен қатар, Алматының еліміздің мәдени, ғылыми және қаржылық орталығы болып қала беретіндігін айтып, соған сәйкес жергілікті тұрғындардың дауыс беруде белсенділік танытандығына сенімін білдірді.