Чат-ботты пайдалану үшін Telegram-ның іздеу жолағына SAILAU_ALMATY2019 атауын жазу, қосылу және «старт» командасын басу қажет. ЖСН енгізілгеннен кейін виртуалды көмекші сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын жібереді.
Сұрақтар туындаған жағдайда байланыс орталығына 7 727 224 22 22 хабарласып, кеңес алуға болады.
Сондай-ақ ыңғайлы болу үшін Алматы қаласы әкімдігінің және Open Almaty қоғамдық қабылдауының сайттарында арнайы бөлім құрылды. Тұрғындар оның көмегімен де ЖСН енгізу арқылы сайлаушылар тізімінен өзін тексере алады.