Бүгін Абай алаңында Алматы тұрғындары мен қонақтары халықаралық маңызды шараның ашылу салтанатын үлкен Led экран арқылы көретін болады.
Шараға БАҚ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, барлығы 2000-ға тарта адам жиналады деп жоспарланып отыр.
Еске сала кетсек, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтетін ЭКСПО көрмесінің ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді.