Алматылықтар қаладағы қарды тазартуға жұмыла кірісті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғындары қалың көпшілікті шақыра отырып, коммуналдық қызмет өкілдеріне қаланы қардан тазалауға көмектесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматының Ерден Тілемісов атты тұрғыны Instagram парақшасында «Ауа райына, шенеуніктерге, жалпы бүкіл әлемге өкпеңді айтып отыра беруге болады. Бірақ мен дәл осы уақытта көшеде 73 техника мен жекеменшік мекеме қызметкерлері түгел жұмыла жұмыс істеп жатқанын білемін. Сондықтан бізге құры жатпай, достарды жинап, қолға күрек алып, ортақ іске үлес қосуға болады. Жақсы істен соң көңіл-күйің де жайланады, бойдағы артық салмақтан да арылудың пайдасы зор»,-деп жазды.

Тағы бір желі қолданушы қала тұрғыны Сәкен Жүсіпбеков Facebookтегі парақшасында өзінің ауласындағы қарды тазалап тастағандығын айтты. «Кешкі тазалық жұмыстарының жалғасы. Екінші бөлім. Қарды тазалап тастадым. Біткен іс болды. Біз ақы төлейміз, алайда аула тазалаушы сол бойы келмеді. Егер олар жұмыс істемейтін болса, біз коммуналдық қызметке не үшін ақы төлейтінімізді түсінбеймін. Мені бала кезімнен танитын көршім демеу болып, мақтау сөз айтты. Мен одан сайын өршелене жұмыс істедім»,-деп жазды ол.

Осы посттың соңында ол есіктің үстіндегі қалпақшаны да қардан тазартып тастағанын айтады. «Ол шыдай алмай құлауы мүмкін ғой, ЭКСПО ғимараты сияқты. Салбырап тұрған мұздарды да құлаттым. Кім мықты? Әрине, мен мықтымын!»,-дейді. 

Бұл шаттан тыс жағдай. Сондықтан қайнақ суға арналған термостар жеткіліксіз. Егер термосы бар тұрғындар бар болса, бізге бере тұрсын. Пайдаланып болған соң бүтін күйінде қайта қайтарамыз. Сіздерде сүйікті қаламыздың тазалығын сақтау ісіне үлес қосатындай керемет мүмкіндік бар қазір.

P.S. Мен қалың көпшіліктен бұл азран жолмен ұпай жинау, катаклизмді пайдаланып өздеріңіздің жұмыстарыңызды жарнамалағыларыңыз келеді ме, деген сыңайдағы пікірлерден аулақ болуларыңызды сұраймын. Үндемей көмектесе берсеңіздер болатын еді. Біз осыған дейінгі су тасқыны кезінде жұмысшылармен бірге еңбектендік. Сол себепті бұл мәселеде біздің бірама тәжірибеміз бар. Сол тәжірибе бізге «жұмыла көтерген жүк жеңіл» екенін көрсетіп берді. Барлықтарыңыздың күндеріңіздің сәтті өтуін тілеймін!»,-деп жазады Қуаныш Шонбай.