Шоу бағдарламада РФ еңбегі сіңген әртісі Юрий Александровтың басшылығымен «Үйретілген аюлар «Орыс үштігі» атты аттракциондық нөмір көрсетіледі. Оның бірегейлігі сол, циркке келген ересектер мен балалар армрестлинг ойынына, нағыз аюлармен логикалық жаттығуларды шешуге, олармен арқан тартысу жарысына қатыса алады.
Сонымен қатар, үйретілген аюлар «Қара жорға» биін орындайды.
Бұлардан басқа, арқанда өрмелеушілер, үйретілген иттер және басқа да қызықты нөмірлер көрсетіледі.
Үлкен Мәскеу циркі әртістерінің айтуынша, олар үшін әр кез Қазақстанға сапар шегу - ұмытылмас жақсы әсер қалдырады. Өйткені, жергілікті көрермендер цирк өнерін ерекше құрметтейді.
Оңтүстік астананың тұрғындары алғаш рет белгілі күлдіргі әртіс Ксения Зубованың (шығармашылық лақап аты Оксана Нескладная) шығармашылығын тамашалайды. Кәсіби драмалық актриса Оксана Нескладная циркте соло-сайқымазақ ретінде жұмыс істейді.
«Бағдарламаның бар мән-мағынасы оның атауында ғой. Ол - «Мен Мәскеуді аралап жүрмін» деп аталады. Өйткені, Мәскеу көшелерімен жүрсеңіз көп нәрсені көруге болады. Сол себепті біздің бағдарламадан да көп нәрсені көресіз. Біз бұл жерде көрерменді Мәскеумен таныстырамыз. Яғни, бұл менімен бірге Мәскеу қаласын өзіндік бір аралау болып табылады», - дейді О. Нескладная.