«Бүгінде вирус жұқтырғандар көбінесе БАӘ елінен келгендер арасында тіркеліп жатыр. Екінші орында Түркия, Египет, одан кейін Украина, Беларусь елдерінен келгендер арасында тіркеледі», - деді Әсел Қалықова.
Сонымен қатар, оның айтуынша, ПТР тест жасатпай келетін жолаушылар саны артқан. 6-8 наурыз аралығында ПТР талдауынсыз 700 жолаушы келген.
«Кеше ПТР талдауынсыз 56 жолаушы келген», - деді спикер.
Оның айтуынша, коронавирус көбінесе қоғамдық көліктен, отбасылық қатынастан, сауда орындарынан жұғып жатыр.
Спикер мұның алдында вирус жұқтыру көрсеткіші неге артып жатқанын түсіндірген болатын. Әсел Қалықова сонымен қатар, карантин талаптары күшейтілетінін айтты.