Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде Мемлекет басшысының сындарлы саясаты арқасында әлемде мойындалған бейбітшілік пен келісімнің моделі жасалғанын,оның негізгі консолидациясы азаматтық қағида екенін атап өтті. Кезінде Елбасының бастамасы бойынша құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы «бейбітшілік пен келісімнің шынайы шырағына» айналды.
«Қазақстан халқының бірлігі күні Ұлы даланың көп ғасырлық дәстүрлі рухы - ашықтықты, мейірімді, толеранттылықты, қонақжайлылықты паш етеді. Осынау дәстүрлер ғасырлар бойына біздің мегаполистің қайталанбас рухын қалыптастырды, айрықша сипатқа бөледі. Міне, мың жылдан бері Алматы түрлі мәдениеттің, діннің, тілдің өзара үндескен қасиетті мекеніне айналды. Сондықтан Алматыны мың бояулы қала деп текке айтпаса керек. Түрлі ұлт пен дін өкілдерінен құралған алматылықтар бүгінгі күні бірге өмір сүруде, еңбек етуде және әр мерекені бірге атап өтуде. Біз осынау баға жетпес байлықты сақтауға және одан әрі дамытуға тиіспіз», - деді Бауыржан Байбек.
Ол тек ашық, мейірімді әрі бауырмал қала ғана инвестиция, инновация мен адами капитал үшін бәсекелестік орныққан заманауи жаһандық әлемде табысқа жететінін атап өтті.
«Қала кеңістігіне заманауи стандарттарды енгізе отырып, біз Алматыны әлемнің үздік мегаполисі, дамыған туристік орталығына анйалдыратын боламыз. Өзгерген орта адамдарды да жаңғыртып, олардың дүниетанымын ашық және мейірімді етеді. Бұл туралы Президент «Рухани Жаңғыру» бағдарламасында айтты. Біздің қаланың әлеуеті өте зор, дегенмен Алматының басты байлығы - қала тұрғындары, олар әртүрлі болғанымен рухы жағынан өзара жақын», - деді мегаполис басшысы.
Қазақстан халқының бірлігі күні аясында мерекелік бағдарламаға 500-ден астам әншілер қатысуда. Олардың ішінде Роза Рымбаева, Диана Шарапова, Әли Оқапов, Роман Ким, Luina, Янис Кайсиди, Әділжан Омаров, «Сарын» дуэті, «Дервиши», «МузАрт», «Assyl», «Vox Acapella» топтары, «Vivat», «Rise», «Ivory» шоу- балеттерінің өкілдері және көптеген басқалары бар.
Панфилов және Жібек жолы көшелерінің бойындағы шағын сахналарда түрлі концерттер өтуде және мегаполистің этномәдени өкілдері бірлестіктерінің өзіндік мәдениеті мен дәстүрлері таныстырылуда.
Сағат 19:30-да Айқын Төлепберген «15 жыл, Сіздермен бірге» атты өзінің жеке концертін ұсынады, ал 21:30- да сахнаға «Ән мерекесі» бағдарламасымен «Турецкий хорының» артистері шығады. Мереке құрметіне ұжыммен бірге әйелдердің «SOPRANO Турецкого» арттобы ән шырқайды, осылайша талант пен сұлулық үйлесім табады.