АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы науқастардың басым бөлігі коронавирусты жұмыс орындарында жұқтырған. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
« КВИ адамдар көбіне жұмыс орындарында жұқтырып алады. Бұл 49,7% құрайды, ал үй жағдайында жұқтырғандар – 19,5%, медицина ұйымдарында 0,1%»,– дейді ол.
Оның айтуынша, індет ошақтары бақылауға алынған. Бүгінде қалада 1400-ге жуық белсенді ошақ бар.
«Біз індет ошақтарын бақылауда ұстап отырамыз. Үнемі дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Қазір 1400-ге жуық індет ошағы бар. Сонымен қатар, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз»,– дейді Жандарбек Бекшин.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.