Қалада көпқабатты үйлердің балкон, терезелеріне Мемлекеттік ту іліне бастады.
Осылайша, жаңбырлы күнге қарамастан Алматы тұрғындары акцияға үн қосып, бір-біріне деген жүрекжарды тілектерін жеткізіп жатыр.
Олардың айтуынша, мұндай шара патриоттық сезімді оятып, елге, жерге деген құрметті арттырады.
Айта кетейік, 1992 жылғы 4 маусымда еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері – Қазақстан Республикасының туы мен елтаңбасын бекітті.