Ведомствоның мәліметінше, биыл қазан айында Қазақстан бойынша қоқыс шығару қызметі үшін бір адамға орташа тариф 322 теңгені құрады.
«Бұл қызметтің құны өңірлер арасында 94-553 теңге аралығында. Мәселен, қоқысты шығару үшін Алматы қаласының тұрғындары 553 теңге төлейді, тариф сондай-ақ Семей қаласында қымбат – 470 теңге, үштікті Қостанай қаласы қорытындылайды – 401 теңге. Қоқысты шығару қызметі үшін ең төменгі тариф Тараз қаласында тіркелген - 94 теңге»,- деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінде. Сондай-ақ Ұлттық статистика бюросы өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда биыл тариф 13,6%-ға қымбаттағанын хабарлады.