«Концерттік бағдарлама мазмұнды әрі қызықты. Екі сағатқа жуық сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Ресейден - Санкт-Петербург қаласынан келген мүйіз аспаптар оркестрі өнер көрсетеді, олар мерекенің шырайын келтіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды».
Естеріңізге сала кетсек, 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда осы күнгі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Бұл күн - мемлекеттік мереке - Конституция күні, биыл біз оның қабылданғаннан бергі 19-жылдығын тойлаймыз.