Алматылықтар Конституция күнін қалай атап өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар Конституция күнін атап өтуді бүгін бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматылықтар және қала қонақтары Конституция күнін атап өтуді 27 тамызда Trans Alatau Trail соқпағын жүріп өту бойынша 24 сағаттық марафоннан бастады. Бұл туралы агенттік тілшісінің сауалына қалалық әкімдіктің берген жауабында айтылды.

Марафон Visit Almaty туристтік хабында өтуде.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, 28 тамыз, сағат 11:00-де Шоқан Уәлиханов алаңында Конституция күніне арналған флешмоб;

сағат 15:00-де Ганди саябағында «Елді асқақтар Ата-Заң!» атты мерекелік концерт;

30 тамыз, сағат 11:00-де Mega Almaty сауда ойын-сауық орталығында,

сағат 12:00-де Шоқан Уәлиханов алаңында,

сағат 16:00-18:00 арасында Mega Park сауда ойын-сауық орталығында мерекелік концерттік бағдарламалар;

сағат 19:00-да Абай алаңында (Республика сарайы алдында) концерт өтеді;

сағат 20:00-де «Көктөбе» демалыс саябағында Jaidarman open air, КВН жастары өнер көрсетеді.

Бұған дейін елордада Конституция күні қалай атап өтілетінін хабарлаған болатынбыз.