Алматылықтар Конституция күнін кеңінен атап өтеді

None
АЛМАТЫ. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Тамыздың 30-ында Алматының барлық түпкірінде Қазақстан Конституциясы күніне арналған мерекелік шаралар өтеді. Қаланың 7 ауданының әрқайсысында - саябақтарда, гүлзарларда, алаңдар мен демалыс орындарында қалалықтар таңертеңнен бастап халық серуенін бастайды, мерекелік концерттер, халық қолөнері шеберлерінің көрмелері және спорт жарыстары өтеді,

деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Таңертеңгі сағат 8.30-да Әл-Фараби және Достық даңғылдарының бұрышында веложарыс сөреге шығады, оған қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Ал дендробақ аумағында алғаш рет «демалыс күнгі жолбағыттар: велосипед жолы, скейтборд және роллер жолдары жұмыс істей бастайды.

10,30-да Астана алаңында мерекелік бағдарлама басталады. Оның ашылу салтанатына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысады. Мереке бағдарламасында - театрландырылған қойылым, мерекелік шеру, республикамыздың елордасынан әскери шеруді тікелей эфирде көрсету, сондай-ақ ұлттық мәдениет орталықтары мен өнер шеберлерінің концерті бар.

Сағат 20,00-да Астана қаласында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен жастар дискотекасы басталады және мерекелік отшашу беріледі.