деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қызылағаштағы қайғылы оқиғаға көптеген алматылықтар мен үкіметтік емес ұйымдар, қаланың және республиканың этномәдени бірлестіктері қолдау көрсетуде. Республикалық армяндар этномәдени бірлестігі 15 тонна ұн жинаса, жеке кәсіпкерлер тобы сегіз тоннадай жаңа киім-кешек, төсек жапқыштарын, ыдыс-аяқ және тағы басқа заттар жинап берді», дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов.
Сонымен қатар «Алыс байланыс» кәсіподақ жұмысшылары 3 тонна алғашқы қажеттілік бұйымдарын берген және тағы басқа мекемелер өз шамаларына қарай көмек көрсеткен.
Азық-түлік пен заттай бұйымдарды жинау наурыздың 18 мен 25 аралығында жүргізілген.