«Жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр – жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша, оңтүстік астананың еншісінде. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 127,5 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 92,4 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 35,1 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндерге тиесілі», - деп хабарлады қордағылар.
Сондай-ақ, бірыңғай жиынтық төлеушілер саны артып келеді. Алматы қаласы бойынша 2019 жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 200 мыңнан астам адам 483,9 млн теңге көлемінде БЖТ төлеген.