Алматылықтар мобильді қосымша арқылы полициямен байланыса алады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы «INFOGOV» мобильді қосымшасын пайдалануға кеңес береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл қызметазаматтарға әртүрлі келеңсіз жайттарды суретке, бейнетаспаға түсіріп, аудиожазып алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ,смартфонға орнатылған мобильді қосымшаны пайдаланып, серверге жібере алады. Полиция өзкезегінде келіп түскен деректерге сүйенеотырып, хабарламалар картасын жасайды және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін ақпаратқа талдау жүргізеді. Интерактивтікоммуникация жүйесі азаматтармен полицияның бірлесіп жұмыс істеуіне мүмкіндік береді», - деді Алматы полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев.

Соныменбірге, полицияның мәліметінше, бұқаралық ақпарат құралдарында,әлеуметтік желілерде шыққан материалдарға талдау мен мониторинг жүргізу жалғасуда.

«Біз барлықдабылға тиісті шараларқабылдау арқылы дереу жауап береміз. Қазіргі уақытта департаменттің ресми сайтында «Басшыблогы» ашылды, азаматтар сол арқылы сұрақтарына жауап ала алады және уақтылы көмек көрсетіледі. Жылбасынан бері тұрғындардан 1 310өтініш келіп түсті. Тәжірибе көрсеткендей, бұл - қоғаммен қарым-қатынастың ең тиімдітүрлерінің бірі», - деді Серік Күдебаев.

Соңғы жаңалықтар