Спортшылар әл-Фараби даңғылынан ҚР Тұңғыш Президенті саябағына дейін 9 шақырымды бағындырды.
Финиште қатысушыларға бағалы сыйлықтар таратылды.
«Қаламызда осындай спорт түрлерінен жарыс болып тұратыны көңіл қуантады. Бұл көпшілікті салауатты өмір салтына ұмтылдыратын шара», - деді белсенді қатысушы Анастасия Ефременко.
Велошеру Қазақстандағы ішек құрылысы қабыну ауруларына қарсы күрес қоғамының қолдауымен өтті.
Айта кету керек, бұл велошеру «Спорттық Алматы» акциясы аясындағы 21-ші спорттық шара.