Бұл туралы "Нұр Отан" ХДП қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Махамбет Бейдәлі бүгін "Алматы Су Холдингі" МКК-ның бастауыш партия ұйымының есеп беру -сайлау жиналысында айтты.
"Алматылықтар еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттілігін 2020 жылғы 6 желтоқсанға дейін ұзарту туралы референдум өткізу бастамасын қызу қолдауда. Сол себепті референдум өткізуге қажетті 200 000 межені біз бүгін, ең арысы ертең түске дейін аяқтаймыз", - деді Махамбет Бейдәлі.
"АлматыСуХолдингі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнындағы "Нұр Отан" ХДП-ның бастауыш партия ұйымының төрағасы Қуанышкелді Базыловтың айтуынша, өндіріс орнында 375 мүше бар. Олар бастамашыл топтың 23 желтоқсанда Өскемендегі республикалық басқосуда көтерген ұсынысына өздерінің қолдау көрсететін білдіріп отыр. Оны бұл басқосудың күн тәтібінде қаралатын негізгі мәселелердің қатарына енгізген партия мүшелері бүгін өз шешімдерін шығарды.