Алматылықтар референдум учаскелеріне сағат жеті болмай жиналды
Алматыда алғашқы референдум учаскесі таңғы сағат 6.00-де ашылды. Ал дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша сағат 7.00-де басталды. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай, өз даусын беруге келген қала тұрғындарының көңіл-күйі көтеріңкі.
Солардың бірі Данияр Тлеубердиев.
«Менім жасым 27-де. Осы уақытқа дейін ешқандай саяси науқаннан тыс қалған емеспін. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бей-жай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы деп санаймын. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт», - дейді Данияр Тлеубердиев.
№ 359 референдум комиссиясының төрағасы Айымгүл Иманғалиеваның айтуынша, сайлашуларға барлық жағдай жасалған.
«Біздің сайлау учаскесінде 2051 адам тіркелген. Алматылықтар белсенді атсалысып жатыр. Төрт бақылаушы жұмыс істеуде. Барлық сайлау нормаларын қатаң қадағалаймыз», - дейді Айымгүл Иманғалиева.
Мегаполисте 574 референдум учаскесі ашылған.