Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, сенім телефоны арқылы салынып жатқан тұрғын үй кешендері туралы ақпарат алуға, құжаттар пакетінің бар-жоғын білуге болады. Бұл тұрғындарды заңсыз салынатын үйлерден баспана алу қаупінен қорғайды.
Сенім телефонының нөмірі: 7 (727) 229-81-36
«Көрсетілген нөмір бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін кеңес алуға болады», - делінген басқарманың хабарламасында.