Әуезов ауданы әкімінің есеп беру жиыны барысында, аудан тұрғындарының бірі әкімге сауал жолдады. Оның айтуынша, вокзал маңында тұратын таксистер клиенттерді жинап, күндіз-түні маза бермейді. Ол әкімнен шулы такси жүргізушілерге қатысты мәселені шешіп беруін сұрады.
«Тастақ» пен «Сайран» аумағында бұл мәселе үнемі көтеріліп отырады. Өткен жылы біздің қызметкерлер Алматы қалалық Полиция департаменті және қаланың мобильділік басқармасымен бірлесіп аптасына 2-3 рет рейдтік іс-шаралар өткізді. Нәтижиесінде 100-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір автовокзал маңында такси жүргізушілері жоқ. «Сайран» көлінің маңында да тұрмайды. Бірақ, олар қазір көбінесе аулаларда жүреді. Осыған орай, енді бұл сұраққа Әуезов аудандық полиция бастығы жауап береді», - деді Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов.
Өз кезегінде, аудандық полиция басқармасының бастығы бұл мәселе ерекше бақылауға алынатынын атап өтті. Профилактикалық жұмыс тұрақты түрде жүзеге асырылады.