Алматылықтар Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
17:34, 16 Желтоқсан 2022
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Ерболат Досаев бастаған қала жұртшылығы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тәуелсіздік монументі алдындағы салтанатты шараға қала тұрғындары, ардагерлер, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысушылар қатысты.
Айта кетейік, Тәуелсіздік монументі Республика алаңында 1996 жылы 16 желтоқсанда ашылған болатын.
Бүгін Қазақстанның Тәуелсіздігіне 31 жыл толды.