Қатысуға ниет білдіргендер Пушкин-Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы Медеу аудандық әкімшілігі ғимараты алдына таңғы 8.00-де жиналуы қажет. Тазалық шарасына аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов, аудандық әкімшілік қызметкерлері мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.
Сенбілік барысында Бутаковка шатқалы мен өзені бойы қоқыстан арылып, тазаланады.