Кеше кешқұрым ашық аспан астында орналасқан «Медеу» мұз айдынында Қазақстандағы ең үлкен алкогольсіз тропикалық коктейль дайындалды.
Нәтижесінде коктейль толтырылған алып стақанның жалпы салмағы 178,2 келіні құрады.
«Сусынды дайындауға 5 адам қатысты, тағы үшеуі қосалқы жұмыстармен айналысты. Олар кәсіби бармендер. Бұл күнге бір ай дайындалдық. Іс-шара әкімдіктің қолдауымен өтті. Ең үлкен тропикалық сусынды әзірлеу рекорды Қазақстанда тұңғыш орнатылды», - деп атап өтті ұйымдастырушылардың бірі Әнел Ерімбетова.
Атап өтілгендей, коктейль классикалық рецепті бойынша дайындалды. Оған 13 келі лайм, 17 келі жалбыз, 65 литрге жуық газы бар минералды су, сондай-ақ мұздатылған бүлдірген мен мұз жұмсалды.
Айта кетсек, 2008 жылы АҚШ-тың Оклохама штатында 3800 литрлік коктейль әзірленген болатын. Оны жасауға 11 700 лимон, 476 келі қант пен 2 637 литр су кеткен. Ал Гиннес рекордтар кітабына енген
ең үлкен алкогольсіз сүтті коктейль Америкада 2011 жылы орнатылды. Оның көлемі 64 мың литрді құрады.
Фотосуреттерді Алматы Ақпараттық-спорттық хабы ұсынды.