АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қала тұрғындары тротуарда шашылып жатқан қолданылған шприцтерді видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тұрғындар видеоны әлеуметтік желіде жариялады.
Түрксіб ауданының әкімдігі наразылық тудырған жазбаға қатысты түсінік берді.
«Қазіргі уақытта аумақты коммуналдық қызмет тазартып қойды. Аталған мекенжай бақылауда. Көшені тазарту жұмыстары коммуналдық қызметтің мойнында.Серіктестік күнделікті тұрмыстық қалдықтарды анықтау үшін көшелерді тексереді, содан кейін санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізеді», - деп жауап берді аудан әкімдігі.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.