Әлеуметтік желі қолднаушыларының болжауынша, түтін Алматы облысындағы қоқыс полигонынан келген. Төтенше жағдайлар комитеті бұл ақпаратты растады.
«16 мамыр күнгі түнгі сағат 2:30-да өртке қарсы қызметке Қарасай ауданына қарасты Әйтей ауылынан 7 шақырым жерде қоқыс полигоны жанып жатқаны туралы хабар түскен. Қатты тұрмыс қалдықтардан тұтанған өрттің аумағы бір гектарды қамтыды деген болжам бар. Құрбан болған немесе зардап шеккендер жоқ» - делінген Комитеттің мәліметінде.