Мәре сызығын бірінші аттағандарға естелік сыйлықтар табыс етілді.
«Бүгінгі Отан қорғаушы күніне арналған шеруге спортсүйер қауым үлкен ықыласпен қатысты. Өзінің үлесі арқылы жастар Отанын қорғап қалған аға буынға алғысын білдіріп отыр. Біздің ортамызда УЕФА кубогын алып келген жеңімпаздар бар. Олар ҚР Президенті сайлауы кезінде Барселонаны тізе бүктіріп, Алматыға жеңісті әкелді», - деді А.Есімов.
Велошеруге барлығы 3 мыңға жуық адам қатысты. Жылдан жылға қатысушылардың саны артып келеді.
Спорттық жарыстан соң «Қайрат» клубының доптары мен шарфтары таратылып, «Студенттік көктем-2015» конкурсында топ жарған ЖОО басшылары марапатталды. Қала тұрғындары мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты концертті тамашалады.