Алматылықтар «VIP» нөмірлер алу үшін 6,5 млн теңге қаржы жұмсады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда құны 6,5 млн теңгеге бағаланған 18 «VIP» нөмір сатылды. Бұл туралы бүгін қалалық ІІД баспасөз қызметінде өткен брифинг барысында мәлім болды.

Жалпы алғанда, алматылықтар арасында 001,007, 777 нөмірлері үлкен сұранысқа ие екен.

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған нөмірлерді кез келген жүргізуші сатып ала алады. Егер, нөмірлер таусылған жағдайда тұтынушы өтініш беріп, келесі сериясына тапсырыс береді.

Айта кетейік, мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін сату Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асады.

Қазір 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлерінің құны 253 мың теңгеге бағаланса, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлері 422 теңгеге бағаланып отыр.

Соңғы жаңалықтар